Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Махмұд Сабырхан лицензиялық турнирде Пэурто-Рико боксшысын жеңді

11.03.2024, 00:02

Ол енді Олимпиадаға жолдама алу үшін бір қарсыласын жеңсе жеткілікті

Махмұд Сабырхан лицензиялық турнирде Пэурто-Рико боксшысын жеңді
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Париж олимпиадасына жолдама беретін Италияда өтіп жатқан турнирде жерлесіміз Махмұд Сабырхан (57 кг) ширек финалға шықты.

Бүгін өткен 1/8 финалда қазақ боксшысы пуэрторикалық Хосе Тирадомен кездескен болатын. Ол – кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізіп үлгерген тәжірибелі спортшы. Соған қарамастан Махмұд бірінші раунд басталғаннан басымдықты өз қолына алып, әдеттегідей қашықтықта ойын өткізді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Қазақстан өкіліне берді.

Ертең М.Сабырхан Олимпиада жолдамасын алу үшін ширек финалда жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов және қыздар арасында Алуа Балқыбекова да жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам