«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
80 келіге дейінгі салмақта Өнер Сейілхан жартылай финалда алаң иесі Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістіреді
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2026 жылғы Әлем кубогы финалдық кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары екі салмақ дәрежесінде өзара кездеседі.
80 келіге дейінгі салмақта Өнер Сейілхан жартылай финалда алаң иесі Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістіреді. Қазақстандық боксшы жарысты қырғызстандық Алмаз Орозбековті жеңуден бастаса, өзбекстандық спортшы турнирдегі алғашқы кездесуін өткізеді.
Ал 85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда тағы бір өзбекстандық боксшы Норбек Абдуллаевпен кездеседі.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының Әлем кубогы финалдық кезеңінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапты.
Өнер Сейілхан (80 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) қарсыластарынан басым түссе, Даниял Сабит (50 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Валерия Аксенова (80 кг) жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.