Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Сәкен Бибосынов нокдаун алып қалғанына қарамастан Олимпиада жолдамасына ие болды

12.03.2024, 00:34

Қазақстанның төрт боксшысында Олимпиада жолдамасы бар

Сәкен Бибосынов нокдаун алып қалғанына қарамастан Олимпиада жолдамасына ие болды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде ширек финалдық жекпе-жегін ұтып, Париж олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.

Шешуші сында жерлесіміз британ боксшысы Киаран Макдональдпен кездескен. Алғашқы екі раундта айқын басымдықпен жеңген Бибосынов үшінші раундта ойын тізгінін қарсыласқа беріп қойды. Салдарынан бірнеше соққы жіберіп, төреші Сәкенге нокдаун санады. Бірақ, соған қарамастан, жалпы есепте ол жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасына ие болды.

Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының төрт лицензиясы бар. Әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова, ал ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр салмақта Айбек Оралбай және жеңіл салмақта Сәкен Бибосынов парижде Қазақстан намысын қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам