Осылайша Қазақстан қоржынында енді 6 лицензия бар
1/8 финалда болған ауыр жекпе-жекке қарамастан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов шешуші сында тың өнер көрсетіп, Әзірбайжан боксшысын жеңді.
Сархан Алиевпен жұдырықтасқан жерлесіміз үш раундқа да күшін өлшеп шықты. Бірінші раундты 4:1 есебімен еншісіне жазып, қалған екі раундта да қарсыласының әр соққысына сериялық хуктармен жауап беріп отырды. Нәтижесінде Ұлттық құрама капитаны Олимпиада ойындарына баратын боксшыларымыздың қатарын толықтырды.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж олимпиадасының алты лицензиясы бар. Әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова, ал ерлер арасында Қамшыбек Қоңқабаев, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Асланбек Шымбергенов төртжылдықтың басты жарысына қатысады.