Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Нұрбек Оралбай Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

12.03.2024, 02:05

Қазақстан 63,5 келіде Олимпиада жолдамасын ала алған жоқ

Нұрбек Оралбай Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирде Қазақстан сапынан рингке соңғы болып шыққан Нұрбек Оралбай (80 кг) ирландиялық боксшыны жеңіп, Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлады.

Шешуші жекпе-жекте Кейлин Кессидимен жұдырықтасқан Нұрбек үш раунд бойы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Тиісінше төрешілер де қазақ боксшысын жеңіске лайықты деп танып, оның қолын көтерді.

Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж олимпиадасының жеті лицензиясы бар: әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова, ал ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев, ауыр салмақта Айбек Оралбай, жеңіл салмақта Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан мен Асланбек Шымбергенов және бұлардың қатарын Асланбек Шымбергенов толықтырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам