«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Тайландтағы лицензиялық турнирге 63,5 келіде Қазақстаннан қай боксшы қатысады?

15.03.2024, 01:16

Көпшілік 67 келідегі Дулат Бекбауовтың атын атап жүр

Тайландтағы лицензиялық турнирге 63,5 келіде Қазақстаннан қай боксшы қатысады?
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан париж Олимпиадасына Қазақстанның ерлер құрамасы жеті жолдаманың алтауын алып үлгерді. Италияда өткен соңғы турнирде 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші айналымда жеңіліп, жолдамасыз қалған болатын.

Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Olympic.kz порталына берген сұхбатында осы салмақта Тайландта өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кім баратыны туралы айтты. Соңғы күндері спортсүйер қауым арасында 67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауовтың есімі жиі айтылып жүр. Ол салмағын түсіріп, Бангкокта бағын сынауы мүмкін дейді «білгіштер».

«Қазір журналистер мен блогерлер 67 келідегі боксшымыз Дулат Бекбауовты лицензиядық жарысқа апару керектігін айтып жатыр екен. Біріншіден, Дулаттың жеке бапкері осы салмаққа ауысатыны жайлы бір ауыз сөз айтқан емес. Екіншіден, бәрін журналистер мен блогерлер шешетін болса, біз ұлттық құрамада не істеп жүрміз? Үшіншіден, Дулат Бекбауов ұлттық құрама мүшесі. Егер 63,5 келіге ауысатын ойы болса, бізге келіп айтуы керек, жарыстарға осы салмақта қатысуы керек.. Егер мұндай ниеттері болса, құрама бапкерлеріне айтуы тиіс. Содан соң, біз осы салмақтағы боксшылармен жұдырықтастырып, бәрін бағамдаймыз. Дулат пен бапкері маған бұл ойы туралы айтқан жоқ.  Ұлттық құрама мүшесі, егер салмақ ауыстыратын болса, тікелей келіп ақылдасуына еш кедергі жоқ. Ал жарысқа екі ай қалғанда мұндай әңгіме айту ойға қонбайды», - деді бас бапкер. 

Сондай-ақ, ол Италияда жолы болмаған Мұхамедсабыр Базарбайұлының неліктен жеңілгені туралы өз ойын айтты.

«63,5 келіде сынға түскен Мұхаммедсабыр Базарбайұлына тек қана тәжірибе жетіспеді. Тәжірибенің аздығынан ғана ұтылды. Ал ынтасы, күш-жігері, жеңіске деген құштарлығы зор болды деп сеніммен айтамын. Асығыстық танытқан жерлері бар. Аталған жекпе-жекте қалайда жеңіске жетемін деген оймен, қателікке бой алдырғаны да рас. Бірақ сол кездесуде біздің боксшы жеңілді дей алмаймын. Жеңіс бұйырмай тұр екен. Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге бұл салмақтан кім баратыны белгісіз. Әлі де іріктейміз. Ең мықтысын ғана жарысқа қосамыз.», - деді М.Айтжанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам