Олардың арасында Ирландия, АҚШ, Франция өкілдері бар
Италиядағы лицензиялық турнир кезінде Қазақстанның бас бапкері Мырзағали Айтжанов шетелдік делегацияға қазақтың ұлттық тағамы – қазы-қартаны ұсынып, ерекше қонақжайлық көрсетті. Жылқы етінен дәм татқандардың қатарында АҚШ, Ирландия, Франция өкілдері бар.
Аталған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Онда Ирландия елінің өкілдері жылқы етінен алғаш рет дәм татып, таңданысын жасырмағанын анық байқауға болады.
Айта кетейік, жылқы етін әлемде саусақпен санарлық елдерде ғана тағам ретінде қолданады. Негізгі тұтынушы ел – Қазақстан.
Ал, Италиядағы турнирде Айтжанов апарған алты боксшының бесеуі Олимпиада жолдамасын алды. Енді олар жазда Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын бастайды.