Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Сербиядағы турнирде үшінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

15.03.2024, 11:35

Қазақстан құрамасы аталған жарысқа толық құрамда барған болатын

Сербиядағы турнирде үшінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Қазақстан бокс федерациясы

Белградта бокстан «Бранко Пешич» атындағы мемориалда шаршы алаңға шыққан 4 боксшымыздың үшеуі келесі айналымға шықты, біреуі жеңіліп қалды.

71 келіде батысқазақстандық Сабыржан Аққалықов екінші жекпе-жегінде венгриялық Ромео Бузаны ұтты. Ал, 80 келіде Ерасыл Жақпеков Бельгия өкілі Идрис Айтханды оңай жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 75 келіде Диас Молжігітов те келесі айналымға шығып отыр. Өкінішке қарай, 57 келідегі Оразбек Асылқұлов ресейлік Эдуард Саваинге қарсы айқаста есе жіберді.

Бұған дейін Сербиядағы сында екі боксшымыз ұтылған болатын.

Айта кететін жайт, Сербиядағы турнир 17 наурызда тәмам болады. Жарысқа әлемнің 16 мемлекетінің 106 былғары қолғап шебері жиналып отыр. Оның ішінде Қазақстан ұлттық командасы толық құрамда барған. Олардың арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам