Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан құрамасының боксшылары Әзірбайжан мен Литвадағы турнирге қатысады

16.03.2024, 10:30

Италиядан оралған боксшылар да аталған жарыстарға баруы мүмкін

Қазақстан құрамасының боксшылары Әзірбайжан мен Литвадағы турнирге қатысады
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Шымкентте жиналды. Мұнда боксшыларымызоқу-жаттығу жиынына қатысып, одан кейін халықаралық турнирлерге аттанады деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.

Жиын Алматау спорттық базасында өтіп жатыр. Небәрі бір аптаға созылатын жиынға бапкерлер Италияда өткен лицензиялық турнирге қатысқан боксшыларды да жинады. Мұнда олар қалпына келтіру және сауықтыру процесінен өтеді.

Ал, оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң боксшылардың бір бөлігі Әзірбайжан астанасы Бакуге аттанса, қалған бөлігі Литва астанасы Каунасқа жол тартады.

«Баку және Каунаста өтетін халықаралық турнирге қатысатын боксшылардың тізімін қосымша жариялаймыз», - делінген аталған хабарламада.

Еске салайық, наурыз айының басында Қазақстан ерлер құрамасының алты боксшысы Италиядағы лицензиялық турнирге қатысып, Олимпиада ойындарына бес жолдама алып келді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам