Жарысқа әлемнің 16 елінен боксшылар келген
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы финалына шыққан боксшылар белгілі болды.
Қазақстан құрамасынан жарысқа қатысқан 12 боксшының 8-і финалға жолдама алды.
Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығып, төртеуі де жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. 71 келіде Сабыржан Аққалықов черногориялық Стефан Савковичті жеңді. 75 келіде Диас Молжігітов ресейлік Джамбулат Бижамовтан басым түсті. 80 келіде Ерасыл Жақпеков турнир қожайыны Златко Турковичті тізе бүктірді. Ал 92 келіде Данияр Рахымбердинов тағы бір серб Мирослав Савичтің сағын сындырды. Осылайша Белградтағы турнирдің финалында 8 боксшымыз жұдырықтасады.
«Belgrade winner» турнирінің финалында мына боксшыларымыз жұдырықтасады:
Аталған турнирге әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысып жатыр. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады.