Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Василий Жиров Қазақстан боксшыларын Париж олимпиадасына дайындайды

17.03.2024, 02:24

Тәжірибелі маман ерлер және қыздар құрамасын да жаттықтырады

Василий Жиров Қазақстан боксшыларын Париж олимпиадасына дайындайды
Vesti.kz

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған әрі үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогына қол жеткізген отандасымыз Василий Жиров Париж олимпиадасында Қазақстан боксшыларына көмектеседі.

Кәсіпқой боксқа ауысқалы АҚШ-та тұратын отандасымыз жақында Бусто-Арсицио қаласында (Италия) өткен жарысқа қазақ боксшыларына қолдау көрсетуге барған еді. Сол жақта Жиров жақында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып тағайындалған Геннадий Головкинмен жұмыс мәселесін сөйлескен.

«Италияда өткен Олимпиада ойындарының бірінші әлемдік лицензиялық турниріне Геннадий Головкин мен Қазақстан бокс федерациясы шақырды. Сол жерде Головкин екеуіміз әңгімелестік. Мен енді отандық боксшыларға көмектесемін. Геннадий жаңа жұмысын алып кететіне сенемін. Ал құрамаға қалай көмектеседі дегенге келсек, бапкер боламын. Яғни, ерлер және әйелдер құрамасына да бапкер ретінде өз үлесімді қосамын. Менің жаңа жұмысым осы болмақ», - дейді Василий Жиров Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ол соңғы жылдары АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласында тұрып жатыр. Сол қалада өзінің жаттығу залын ашып, бапкерлікпен айналысып жүрген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам