Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Командада тәртіп, өздерінде жігер жоқ»: Ангелина Лукас қыздар құрамасының жеңілісі жайлы

18.03.2024, 00:18

Италиядағы лицензиялық турнирге барған бес боксшы қыздың бәрі жеңіліп қайтты

«Командада тәртіп, өздерінде жігер жоқ»: Ангелина Лукас қыздар құрамасының жеңілісі жайлы
instagram.com/angelina_lukas1997/

Әуесқой бокста жүргенде басынан дау арылмаған Ангелина Лукас соңғы жылдары кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Ол Италияда өтетін лицензиялық турнирде боксшы қыздардың жолдамаға қол жеткізе алмауының себебін айтты.

«Қыздардың лицензияға қол жеткізе алмағанына таң қалған жоқпын. Бұл күтілген нәтиже. Өзім де осы құрамада өнер көрсеттім. Үнемі айтамын, құрамада тәртіп жоқ, атымен жоқ.

Жауапкершіліктің көбісі бас бапкердің мойнында. Қыздар боксында жүлделер Қазақстан чемпионаты басталғанша бөліске түсіп, анықталып қояды. Жеребені алдын-ала келістіреді. Кімнің жеңіп, кімнің жеңілетінін біліп отырады. Бұлар қазақ боксын өлтіріп жатыр», - дейді Ангелина Лукас Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір құрамада бәсекелестік жоқ. Сондықтан 50 келідегі салмаққа Алуа Балқыбекованы жібергенін айтып отыр. Алуа бұған дейін 48 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен.

«Көп салмақта резерв жоқ. Алуа мысалы 50 келіге ауысып, бабына келуге үлгермеген. Резервтің болмауына өздері кінәлі. Өйткені кім артық, соны қуып жібереді. Бізде әр салмақта бір ғана боксшы бар. Оған бірнәрсе болса, орнын басатын ешкім жоқ. 

Кеше қыздардың көзінен жалын көрмедім. Жеңіске деген жігер байқалмайды. Айналып қашады. Жеңісті жұлып алуға тырысу қажет. Тек соққы жіберген соң ғана ойланады. Бұл сұрақтың бәрі бас бапкерге қойылу керек», - дейді кәсіпқой боксшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам