Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Сербиядағы турнирде қазақ боксшысының нокауты жанкүйерлердің жоғары бағасын алды (ВИДЕО)

17.03.2024, 20:25

Ол финалда орыс боксшысымен жұдырықтасады

Сербиядағы турнирде қазақ боксшысының нокауты жанкүйерлердің жоғары бағасын алды (ВИДЕО)
prosports.kz

Сербия астанасы Белградта бокстан Belgrade Winner турнирі өтіп жатқаны белгілі. Жартылай финалда жұдырықтасқан қазақ боксшысы Сабыржан Аққалықов черногориялық Стефан Савковичті нокаутпен жеңіп, жанкүйерлер қошеметіне бөленді.

71 келіде өнер көрсететін жерлесіміз небәрі бірінші раундта қарсыластың бауыр тұсынан ауыр соққы беріп, оның тізерлетті. Савкович одан әрі жекпе-жекті жалғастыра алған жоқ.

Еске салайық, Сабыржан Аққалықов 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы болған. Белград турнирінің финалында ол ресейлік Сергей Колденковпен жұдырықтасады.

Финалдық кездесулер 17 наурызда Астана уақытымен 21:00-де басталады. Жарыстың алтын медалі үшін Қазақстанның 8 боксшысы таласады. Олардың арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам