Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Сербиядағы турнирде қазақ боксшылары 4 алтын медаль жеңіп алды

18.03.2024, 06:38

Олардың қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар

Сербиядағы турнирде қазақ боксшылары 4 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан бокс федерациясы

Сербия астанасы Белградта өткен бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында қазақ боксшылары төрт алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін ел намысын қорғаған 12 боксшының сегізі финалға шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ақтық сында олардың төртеуі жеңіп, төртеуі жеңілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

«Belgrade winner» турнирінде жүлде алған қазақ боксшылары:

I орын

  • Ернұр Қайрат (48 кг)
  • Санжар Тәшкенбай (51 кг)
  • Дәулет Молдашев (54 кг)
  • Диас Молжігітов (75 кг)

II орын

  • Сабыржан Аққалықов (71 кг)
  • Ерасыл Жақпеков (80 кг)
  • Данияр Рахымбердинов (92 кг)
  • Олжас Боқаев (+92 кг)

Айта кетейік, аталған турнирге әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам