Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ангелина Лукастың сұхбатына Назым Қызайбай үн қатты

18.03.2024, 12:13

Екеуінің арасындағы дау бірнеше жыл бұрын басталған еді

Ангелина Лукастың сұхбатына Назым Қызайбай үн қатты
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әйелдер құрамасы жарыстар мен оқу-жаттығу жиынына барғанда көліктің жүк салғышына кальян салып алатынын айтқан еді. Осы мәселеге қатысты екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Олар сенімен қаншалықты лас ойнаса да, одан жоғары бол. Ешқашан олардың деңгейіне түспеңіз», - дейді Назым Қызайбай.

Айта кетейік, Ангелина Лукас сұхбат барысында қыздар құрамасын, бас бапкері мен жалпы басшылықты айыптаған.

«Біздің қыздар Азия ойындары, әлем чемпионаттарының алдында жиналып, жүк салғышқа кальян артып алады. Ішеді, шегеді», - дейді ол.

Еске салып өтейік, Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұлттық құрамада бір салмақта өнер көрсеткен еді. Сол кезде екеуінің арасында дау-дамай туындап, арты шуға ұласқан болатын. 

Алдымен Ангелина Лукас желі арқылы үндеу жолдап, өзінің командадан қуылғанын, мұның артында Қызайбай мен оның жақтастары тұрғанын айтқан еді.

Назым болса, Ангелина мен оның бапкері ол жататын бөлмеге белгісіз химикат сеуіп кетті дегені бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам