Ұлттық құраманы жарысқа Мырзағали Айтжанов бастап барады
Бокстан Қазақстан құрамасы Бакуде өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов бар.
23 наурыз күні Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир басталады. Бұл сынға әлемнің он мемлекетінен 100-ден аса боксшысы қатыспақ. Қазақстан құрамасы қатарында 11 салмақ дәрежесінде былғары қолғап шеберлері сынға түседі. Олар:
Ұлттық құраманы бұл сынға Мырзағали Айтжанов бастап барады. Бапкерлер қатарында Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов сынды білікті мамандар бар.
Бұған дейін қазақ боксшылары мүшелері Белградтағы турнирге қатысып 4 алтын, 4 күміс медаль иеленген болатын. Сондай-ақ, Италияда аяқталған лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының 5 боксшысы Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті.