Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ангелина Лукас тоғызыншы жекпе-жегін тай боксшысымен өткізетін болды

19.03.2024, 03:16

Ол чемпиондық титул алдында рейтингтік кездесулер керек екенін айтты

Ангелина Лукас тоғызыншы жекпе-жегін тай боксшысымен өткізетін болды
instagram.com/angelina_lukas1997/

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (7-1, 4 КО) келесі жекпе-жегін биыл 30 наурызда Тайландта өткізетін болды. Бұл туралы спортшы қыздың өзі Instagram-парақшасында жазды.

Бұл жолы да Лукастың қарсыласы тай боксшысы болмақ, есімі – Танварат Саенгамит (8-4-1).

«30 наурызда менің мансабымдағы келесі 9-шы жекпе-жегім өтеді және біз тағы да Тайландқа аттанамыз. Мен тай боксшысы Танварат Саенгиамжиттің шақыруын қабылдадым.

Мен бұл челленджді қабылдадым, өйткені беделді әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында тағы бір рейтингтік жекпе-жек керек», - деп жазды Ангелина Лукас.

Еске салайық, отандасымыз соңғы жекпе-жегін биыл ақпан айында осы Тайландта жергілікті боксшы Кадесар Джадпакдиді (7-4, 4 КО) төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам