Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Теміртас Жүсіпов Баку турнирінің финалында жеңілді

28.03.2024, 17:16

Ол әлем және Азия чемпионы

Теміртас Жүсіпов Баку турнирінің финалында жеңілді
Қазақстан бокс федерациясыө

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жол» турнирінің финалында қазақстандық Теміртас Жүсіпов жергілікті боксшыдан жеңілді.

48 келіде өнер көрсеткен Теміртас ақтық сында әзірбайжандық Хасан Маликовпен кездескен болатын. Үш раунд бойы аса жоғары қарқында жұдырықтасқан боксшылар тең дәрежеде ойын көрсетті. Ұзақ кеңескен төрешілер жеңісті жергілікті спортшыға беруді жөн санады.

Айта кетейік, 36 жастағы Жүсіпов әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы.

Аталған жарыста бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегерлері Серік Теміржанов пен Қамшыбек Қоңқабаев жеңіліп қалған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам