Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақ боксшысы өзбек қарсыласын нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті бермеді

28.03.2024, 17:25

Өзбекстан өкілі қазақ боксшысын баспен ұрып, қабағын жарып жіберген

Қазақ боксшысы өзбек қарсыласын нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті бермеді
Қазақстан бокс федерациясы

Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» турнирінің финалында қазақстандық Тимур Қабдеш (54 кг) өзбекстандық Худжаназар Нартожиевтен жеңіліп қалды.

«Бірінші секундтардан бастап шабуылға кіріскен Тимур бірден үстемдігін көрсеткісі келді. Ал екінші раундта жақын айқаста қарсыласын бесінші нүктеге отырғызып, есеңгіреткен. Алайда төрешілер ұпай санағанда бұл нокдаунды ескермеген сияқты. Сондай-ақ қарсыласы баспен кіріп, қабағы жарылды. Нәтижесінде үшінші раундта дәрігер жекпе-жекті тоқтату жөнінде төрешіге кеңес беріп, жерлесіміздің жарақатына байланысты (RSC-I) өзбек боксшысы жеңімпаз атанды», - делінген Қазақстан бокс федерациясының басасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жарыстың финалына Қазақстаннан бес боксшы шыққан болатын. Бұған дейін 48 келіде өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов те Әзірбайжан боксшысына жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам