Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Дәурен Елеусінов Түркияда африкалық боксшыдан ұтылып қалды

30.10.2023, 18:40

Бұл оның үшінші жеңілісі

Дәурен Елеусінов Түркияда африкалық боксшыдан ұтылып қалды
Фото ашық дереккөзден

Стамбұлда өткен бокс кешінде ағайынды Дәурен Елеусінов күтпеген жерден жеңілді. Бірнеше жылдан бері кәсіпқой бокста жүрген ол осымен үшін рет шаршы алаңда есе жіберіп отыр.

Қазақстандық спортшы Анадолы елінде Танзания боксшысына қарсы айқасқа шыққан. Қарсыласы Пиус Мпендо кәсіпқой алаңда небәрі 8 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңілген. 37 жастағы отандасымыз биылғы наурыз айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен-тін.

Бүгінге дейін кәсіпқой бокста 11 рет жекпе-жек өткізген ол 2020 жылдың тамыз айында жеңілістің кермек дәмін татты. Мексикалық Хуан Карлос Рэйгонсемен орта салмақтағы WBC International белдігі үшін өткізген сында төрешілер жеңісті оның қарсыласына берген еді. Ал 2022 жылдың шілде айында ол АҚШ-та америкалық Джуниор Юнаннан бірінші раундта-ақ сенсациялық жағдайда ұтылды.

Дәурен Елеусінов Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы. Кезінде 81 келіде ұлттық құрама мүшесі болған. 2009 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам