Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Азия чемпионатының финалында қазақстандық 8 жасөспірім боксшы бақ сынайды

30.10.2023, 19:11

Жарысқа барлығы 23 елдің боксшылары қатысып жатыр

Азия чемпионатының финалында қазақстандық 8 жасөспірім боксшы бақ сынайды
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірім қыздар арасында финалға шыққан ұлттық құрама мүшелері белгілі болды. Бапкерлер үміт артқан бұрымды 8 боксшы финалда сары құрлық үздігін анықтайды.

Олардың арасында 46 келіде Айын Таңқыбаева, Сила Биболсынқызы (48 кг), Айша Сариева (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Құдайбергенова (63 келі), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг) сынды мықтылар бар.

Сонымен бірге, жартылай финала 66 келіде Айсұлу Мұхит, 80 келіде Құралай Егінбайқызы және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Панат Сейітжанқызы қарсыластарына есе жіберді.

Азия құрлығы бойынша өтіп жатқан чемпионатта Өзбекстан құрамасы финалға шыққандар арасында көш бастады. Көрші ел боксшыларының 9-ы чемпиондық атақ үшін сынға түсетін болса, Қазақстан спортшыларының 8-і алтынға таласады. Сонымен қатар, үнді боксшыларының жетеуі финалда бақ сынағалы отыр.

23 қазан мен 3 қараша аралығында Астанада Азияның 23 елінің құрамасы құрлық біріншілігіне қатысып жатыр. Ал финалдық жекпе-жектер 2-3 қарашада өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам