Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстандық боксшы Владислава Кухта Венгрия азаматтығын ресми алды

03.04.2024, 10:24

Оның арманы – Олимпиада ойындарына қатысу

Қазақстандық боксшы Владислава Кухта Венгрия азаматтығын ресми алды
instagram.com/vladislavakuhta/

Бокстан қыздар арасында Қазақстан чемпионы болған Владислава Кухта енді ресми түрде Венгрия азаматы. Спортшының азаматтық ауыстырғаны туралы ақпарат бұған дейін де тараған болатын. Еуропа елінің паспорты оған кеше ресми табысталды.

Қазақстан құрамасында жолым болмады деген Владислава былтыр желтоқсанда Венгрия атынан жарыстарға қатысатынын өзі мәлімдеген. Оның арманы – Париж Олимпиадасына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көріну. Ал, қазақстандық командада бұл арманның орындалуы екіталай деді ол.

«Енді ресми Венгрия азаматымын. Яғни, Венгрия атынан халықаралық жарыстарға қатыса алам. Венгрия үкіметіне және өзімнің Halker-Kiraly Team командасына маған сенім артқаны үшін және Олимпиадаға бару арманымды орындауға мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын.

Екітүрлі сезімдемін. Бұл – мен үшін үлкен қадам. Бір жағынан қуаныштымын, екінші жағынан мұң бар. Қазақстан – менің отаным және мен оны сүйем!», - деді Кухта өзінің Instagram-парақшасында.

Венгрияның бокс федерациясы Владислава Кухта мен оның бапкері Ақзам Барлыбаевқа 2022 жылы ұсыныс жасаған. Алайда, олар Қазақстанда өз позициясын нығайтпақ болып, бір жылдай жүріп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам