Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Рио Олимпиадасының жүлдегері спаррингтік сында сүрінді

08.04.2024, 22:25

Тайландқа баратын құрама 10 сәуірде жасақталады

Рио Олимпиадасының жүлдегері спаррингтік сында сүрінді
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова жеңіліп қалды.

66 келі салмақтағы жекпе-жекте Дариға Шәкімова мен Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова кездескен болатын. Аталған сында төрешілер шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Ол келесі сында әлем чемпионатының жүлдегері Милана Сафроновамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, қыздар боксынан Қазақстан Олимпиада ойындарына тек бір ғана жолдама иеленген. Ал, наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде біздің боксшы қыздардың бәрі жеңіліп, жолдамадан қағылды. Енді Тайландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге баратын құрама спаррингтік турнир арқылы жасақталады. Әзірге аталған турнирге 50 келіде Назым Қызайбайдың баратыны белгілі болып отыр. Ол бүгінгі спаррингте Алуа Балқыбекованы жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам