Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Алдағы екі жылда Канелоның Жәнібекпен боксын күту бекершілік – бапкер

31.10.2023, 18:47

Мексикалық боксшыға қаржы жағынан бұл жекпе-жек тиімсіз

Алдағы екі жылда Канелоның Жәнібекпен боксын күту бекершілік – бапкер
Instagram/janibek_alimkhanuly

Бокстан ҚР еңбек сіңірген бапкері Сағатбек Мұсахаов Жәнібек Әлімханұлының Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігіне пікір білдірді. Sports.kz сайтының жазуынша, бапкер әзірге қазақстандық боксшының әлемдік мегажұлдызбен кездесуі мүмкін емес екенін айтып отыр.

«Менің ойымша, жақын уақытта біз аталған екі боксшының арасындағы жекпе-жекті көре алмаймыз. Себебі, «Канелоның» өзінің жеке жоспары бар. Ол Кроуфорд немесе Бенадивеспен кездесуді көздейді. Бұл енді менің жеке пікірім.

Ал қаржы жағынан алғанда Жәнібекпен кездесу Альварес үшін мүлдем тиімсіз. Меніңше, таяу екі жылда біз бұл жекпе-жекті мүлдем көре алмаймыз. Дегенмен, мұндай кездесудің болуы да әбден мүмкін», - дейді бокс маманы.

Мексикалық Сауль Альварес орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы. Ал, Жәнібек алғашқы орта салмақта WBO және IBF нұсқаларында әлем чемпионы. Бұған дейін бірнеше рет әлеуметтік желі арқылы «Канелоны» жекпе-жекке шақырған Жәнібек Әлімханұлы оның сыбағасын беруге дайын екенін мәлімдеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам