Финалдық кездесулер 2-3 қараша күндері өтеді
Бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық екі боксшы финалға шықты.
48 келіде шаршы алаңға шыққан Алдияр Баһадүр жартылай финалда үнді боксшысы Сикандер Сикандерден 4:1 есебімен басым түсті. Сонымен қатар, 52 келіде Нұрасыл Төлепбек өзбекстандық Иброзим Гиясовты айқын басымдықпен ұтты.
21 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар, жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде кеше қыздар арасында 8 боксшы финалға шықты. Сары құрлықтың 23 елінің құрамалары қатысып жатқан біріншіліктің финалдық жекпе-жектері 2-3 қараша күндері өтеді.