Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Мені түсініңіздер»: өзбек Баходир Жалолов хорват боксшысымен жұдырықтасудан бас тартты

13.04.2024, 15:24

Хорватия өкілі 22 жекпе-жектің 18-ін нокаутпен жеңген

«Мені түсініңіздер»: өзбек Баходир Жалолов хорват боксшысымен жұдырықтасудан бас тартты
Upl.uz

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Баходир Жалолов (14-0, 14 KO) хорват боксшысы Агроном Смакичимен (20-2, 18 КО) жұдырықтасудан бас тартты.

Қос боксшының арасындағы жекпе-жек 14 сәуірде Ташкенттегі Humo Arena кешенінде IBA Champions Night бокс кешінің аясында өтуі керек болған. Алайда, соңғы сәтте өзбек боксшысы рингке шығудан бас тартты.

«Өкінішке қарай, Бакуде өткен жарыста мен суықтап қалдым. Қазір емделіп жатырмын. Денсаулықты күту маңызды, ауруымды асқындырып алмас үшін бұл жекпе-жектен бас тарттық, мені түсініңіздер», - деді Жалолов.

Баходирдың бас тартуына қарамастан хорват боксшысы аталған бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. Ұйымдастырушылар оған жаңа қарсылас тауып берді, ол – Жахонгир Закиров (1-0, 1 КО).

Айта кетейік, Ташкентте өтетін осынау турнирдің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы Хасанбой Дусматов (6-0, 5 КО) пен испан боксшысы Самуэль Кармон (11-1, 4 КО) арасында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам