Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Шымбергеновті нокаутпен жеңген мексикалық – ортаңқол боксшы»: маман пікірі

13.04.2024, 21:32

Қос боксшы былтыр желтоқсанда жұдырықтасқан болатын

«Шымбергеновті нокаутпен жеңген мексикалық – ортаңқол боксшы»: маман пікірі
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Sport+ Qazaqstan Youtube-арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтің желтоқсанда Астанада өткен турнирдегі өнеріне баға берді.

Ерденбеков капитанның «IBA чемпиондарының түні» турнирі аясында мексикакалық Хосе Мигель Боррегомен кездесіп, нокаутқа түскені таңғаларлық жағдай болғанын айтады.

«IBA-ның желтоқсанда Астанада ұйымдастырған «Чемпиондар кешінде» мексикалық боксшының біздің капитанды нокаутқа түсіргенін бәріңіз көрген боларсыздар. Қиын жағдай. Мен бұл мекискалықты танимын, екеуміз Ташкенттегі Конвенцияда бірге болдық. Топ кәсіпқой боксшы деп айта алмаймын. Мексиканың өзінде ол орта деңгейдегі былғары қолғап шебері», – деді Ерденбеков.

Естеріңізде болса, Шымбергенов пен Боррего арасындағы айқас 71 келіге дейінгі салмақта өтіп, төртінші раундта мексикалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам