Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Әйелін жаттықтырады»: Бокстан Азия чемпионы немен айналысып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)

30.04.2024, 12:59

Ол сондай-ақ, Олимпиада ойындарына да қатысқан

«Әйелін жаттықтырады»: Бокстан Азия чемпионы немен айналысып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан ерлер арасында Азия чемпионы Олжас Сәттібаев әйелімен бірге өткізген жаттығу барысын көрсетті. 

Ерлі-зайыпты боксшылар он жылдан астам уақыт бұрын отау құрған. 

Спортшы жариялаған бейнежазбада ол бапкер ретінде әйелін үздіксіз соққы жасауға баулып жатқаны анық байқалады. Кәнігі боксшы Әйгерім Сәттібаев болса, жаттықтырушысы көрсеткен нұсқа бойынша шабуылдау мәнеріне машықтануда. 

Олжас Сәттібаев 52 келіде ұлттық құрама мүшесі болған. Ол бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионы (2015 ж) және жүлдегері (2009 ж). Сондай-ақ, Рио Олимпиадасына қатысушы. Бұдан бөлек, жартылай кәсіпқой бокс сериясында «Астана Арландарының» қатарында өнер көрсетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам