Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол жекпе-жегі кейінге шегерілді

04.05.2024, 10:45

Артур жаттығу кезінде жарақат алған

Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол жекпе-жегі кейінге шегерілді
Richard Pelham / Getty Images

Бокстан WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, канадалық Артур Бетербиев пен WBA титулының иегері ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 1 маусымда өтпейді.

Супер бокс кеші Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтуі керек болған. Алайда, Top Rank промоутерлік компаниясы Бетербиев жаттығу кезінде жарақат алып, белгіленген күні рингке шыға алмайтынын хабарлады.

Промоушн жекпе-жектің жыл соңына дейін ұйымдасиырылатынын айтып отыр. Алайда, нақты күні белгісіз.

Артурдың жарақаты туралы ақпаратты Сауд Арабиясындағы ойын-сауық бас дирекциясының төрағасы Турки әл-Шейх те растады. Ол Бетербиевтің тезірек сауығып кетуін тілеп, бокс кеші жоспар бойынша өтетінін айтты.

Айта кетейік, Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек соңғы 20 жылдағы жартылай ауыр салмақтағы «абсолютті чемпион» атағы үшін алғашқы кездесуі болуы тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам