Мамандар оны әлемдік бокстың шыңына шығады деп болжайды
Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев өзбекстандық Баходир Жалоловтың еңбекқорлығына тәнті болды.
Жартылай жеңіл ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Сергей Ковалев «Спорт Экпсресске» берген сұхбатында ауыр салмақта Өзбекстаннан шыққан Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың әлеуетіне қатысты пікір білдірді.
«Егер сен әлем, Олимпиада чемпионы атансаң, онда жолың болды деген сөз. Өзбектерде Баходир Жалолов бар. Ауыр салмақ өкілі. Ол барлық жарнамаға түседі. Ол жігітке көлік те, пәтер де сыйланды, айлығын да төлейді. Ол қалыптасқан адам, соған қарамастан әлі де тоқтаусыз еңбек етіп келеді. Оттан да, судан да өтті деп жатады ғой. Өмірде белгілі бір деңгейіңді сақтап қалу өте қиын», - деді Сергей Ковалев.
Бұған дейін америкалық боксшы Джаред Андерсон (17-0, 15 КО) аса ауыр салмақтағы Тайсон Фьюридің, Энтони Джошуа (екеуі де - Ұлыбритания) мен Александр Усиктің (Украина) орнын Баходир Жалоловтың басатынын айтқан.