Бұл үйде Сильвестр Сталлоне, Клинт Иствуд және Барак Обама қонақта болған
Бокс королі Мұхамед Әлиге тиесілі болған зәулім үйдің қазіргі иелері оны сатпақ. Лос-Анджелестегі үй үшін олар 13,5 миллион доллар сұрап отыр.
New York Post (NYP) мәліметінше, бұл үйде боксшы карьерасындағы ең керемет жылдарында – 1979-84 жылдар аралығында тұрған. Әлидің Хэнкок-Паркте орналасқан зәулім сарайының аумағы 975 шаршы метрді құрайды. Ал, бұл шаңырақта талай жұлдыз қонақ болған, оның ішінде Голливуд актерлері Сильвестр Сталлоне мен Клинт Иствуд және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да бар.
Үйге кіреберісте тастан жасалған баспалдақ төселсе, ішкі интерьерде мәрмәр мен ағаш керемет үйлесім тапқан. Бөлмелерде ілулі тұрған шамдардың бәрі хрустальдан жасалған. Үй 1915 жылы салынса да, иелері бұрынғы дизайнын сақтап қалуға тырысқан. Аулада 0,6 гектар жерді алып жатқан қонақтарға арналған үй, бес көлік сыятын гараж бар. Одан қалды бассейн де қарастырылған.