Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы жаңа чемпионды жекпе-жекке шақырды

08.05.2024, 12:04

Ол соңғы рет былтыр қазанда жекпе-жекке шыққан

Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы жаңа чемпионды жекпе-жекке шақырды
Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсәпқой боксшы, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC-дің жаңа чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырды.

Айта кетейік, Адамес бұл атақты төбелессіз алған. Бұған дейін ол аталған дивизионның уақытша чемпион болатын. Алайда, белбеудің негізгі иесі Джермалл Чарло көлікті мас күйде жүргізіп, жол апатына себепкер болғандықтан, WBC одан титулды алып қойып, доминикалық боксшыға берді.

«Карлос Адамес, клубыма қош келдің! Құттықтаймын! Енді сен әлем чемпионысың, жекпе-жек ұйымдастырайық. Біз дайынбыз! Төрт белбеу! WBC, IBF, WBO және The Ring», — деп жазды Жәнібек Twitter-парақшасында.

Жәнібек жазбасында Top Rank-тің, Боб Арум мен Карл Моретти секілді промоутерлердің, өз менеджері Эгис Климастың, сонымен қатар саудиялық инвестор әрі ұйымдастырушы Турки Аль аш-Шейхтің аккаунттарын белгілеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам