Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан боксшылары Олимпиадаға дейін тағы бір турнирге қатысатын болды

08.05.2024, 19:35

Өзбектің мықтылары бұл жарысқа келмейді

Қазақстан боксшылары Олимпиадаға дейін тағы бір турнирге қатысатын болды
Olympic.kz

Париж Олимпиадасына дейін Қазақстан боксшылары Астанада өтетін «Елорда кубогы» турнирінде сынға түседі. Аталған жарыста ел атынан алпысқа жуық боксшы өнер көрсететініні белгілі болып отыр.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың сөзінше, қазір ұлттық құрама Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

«Біздің құрама қазір Астанада оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Мамыр айының 13-18 күндері аралығында «Елорда кубогы» турнирі өтеді. Оған ұлттық құрамадағы барлық боксшы қатысатын болды. Жалпы, дайындық бойынша тиісті жұмыстар кесте бойынша өтіп жатыр», - деді М.Айтжанов.

Астанада үшінші рет өткелі отырған турнирге 9 мемлекеттің боксшылары қатысады. Оның ішінде Қазақстан құрамасы 59 боксшының бабын байқап көргелі отыр. 

Бұл жолы Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Моңғолия, Марокко, Жапония, Тәжікстан және Қазақстан спортшылары 13 салмақ дәжересінде өзара мықты анықтайды. 

Ал мамыр айының 23 күні Таиландта өтетін бүкіләлемдік лицензиялық турнирге қатысатындықтан Мұхамедсабыр Базарбайұлы «Елорда кубогынан» босатылған.

«Италияда өткен лицензиялық турнирде 63,5 келіде жолдама ала алмадық. Бангкокта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы осы салмақта жолдамаға таласатын болады. Бұл біз үшін соңғы мүмкіндік», - деді бас бапкер.

Айта кететін жайт, Өзбекстан құрамасының №1 құрамасы Астана турниріне қатыспайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам