Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Махмұд Сабырхан Астана турнирінің жартылай финалына өтті

15.05.2024, 16:27

Жарысқа 8 мемлекеттен 170-тен астам боксшы қатысып жатыр

Махмұд Сабырхан Астана турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Астанада өтіп «Елорда кубогында» 57 келіде Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты.

Әлем чемпионы ширек финалдық бәсекеде Өзбекстан құрамасының боксшысынан басым түсті. Олимпиада алдындағы маңызды жарысты өзінің бабы мен әлеуетін көрсеткен былғары қолғап шебері енді финалға шығар жолдаманы сарапқа салады.

Бүгін Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде Өзбекстан боксшысын ұтса, Серік Теміржанов үндістандық спортшыны 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Тимур Қабдеш 54 келіде үнді спортшысын қапы қалдырды. Осы салмақта өнер көрсетіп жатқан Кәрім Серкебаев жапон боксшысын жарыс жолынан шығарды.

Елордада үшінші рет өтіп жатқан халықаралық турнирге 8 мемлекеттің құрамасы қатысуда. Турнир жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа ие болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам