Ол аса ауыр салмақта өзін әлемдегі ең мықты боксшы санайды
Өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Баходир Жалолов (13-0, 13 KO) 2024 жылы Париж олимпиадасына қатысып, одан кейін кәсіпқой боксқа біржола ауыспақшы.
Бұл туралы vRINGe.com порталы жазды.
«Менің қазіргі мақсатым – Олипиаданың екінші алтынын жеңіп алу. Мұнан кейін кәсіпқой боксқа оралам. Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа – қайсысы болса да бәрібір, мен олармен жұдырықтасуға дайынмын», - деді Жалолов.
Айта кетейік, кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін Баходир 17 қарашада Ташкентте оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен (12-5-1, 7 KO) өткізеді.