Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Оралбай мен Нұрдәулетов: Астанадағы спартакиадада қос әлем чемпионы бір салмақта сынға түседі

09.11.2023, 12:51

Жарыс 13-19 қараша аралығында өтеді

Оралбай мен Нұрдәулетов: Астанадағы спартакиадада қос әлем чемпионы бір салмақта сынға түседі
коллаж: 1bol.kz

Астанада бокстан келер аптада басталатын Спартакиада ойындарында бірнеше әлем чемпионы бақ сынайды. Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов бастаған былғары қолғап шеберлері елорда төрін дүбірге бөлемек.

Әсіресе, 80 келіге дейінгі салмақ аса тартысты болғалы тұр. Себебі, аталған салмақтағы қос әлем чемпионының бәсекесін жанкүйерлер асыға күтіп отыр. Бекзат Нұрдәулетов пен Айбек Оралбай арасындағы сын ұлттық құрама бапкерлері үшін де аса маңызды жекпе-жекке баланары сөзсіз.

Биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Айбек Оралбай қазір өз салмағында Ұлттық құраманың №1 боксшысы. Алайда, ол таяуда ғана Қытайда өткен Азия ойындарынан жүлдесіз оралды. Ал осы салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Ол ӘЧ-ның жартылай финалында кубалық әйгілі Хулио Ла Крузды күтпеген жерден ұтуымен есте қалған боалтын. 

Алайда, Нұрдәулетов үшін Токио олимпиадасы алғашқы айналымнан аяқталды. Басты фаворитке баланған боксшы содан кейін ұлттық құрама қатарынан көрінбеген еді.

Бұдан бөлек, бұл екі боксшы 2020 жылдың соңында өткен ел чемпионатының финалында кездесіп, маңғыстаулық Нұрдәулетов жеңіске жеткен. Дегенмен, бұл жекпе-жек екеуара кездесуге нүкте қойған жоқ. Тегеурінді қарсылық көрсеткен Оралбай сол жолы Нұрдәулетовті шаршы алаңда тығырыққа тіреген-ді.

Алда бокстан 80 кг салмақта Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін өтетін сынға Астанада өтетін Спартакиаданың жеңімпазы баруы әбден мүмкін. Ал Нұрдәулетов пен Оралбай Спартакиадада кездескен жағдайда олардың қайсысының жеңетіні бапкерлер құрамына аса маңызды...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам