Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Елорда кубогінің» финалында Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай кездеседі

17.05.2024, 22:14

Айбек осы жарыс үшін салмағын көтерген

«Елорда кубогінің» финалында Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай кездеседі
Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бокстан өтіп жатқан «Елорда кубогында» аса ауыр салмақта супер жекпе-жек өткелі отыр. 

Аса ауыр салмақта (+92 кг) өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев пен Айбек Оралбай өзара мықтыны анықтайды. Қос боксшы биыл өтетін Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері.

Жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Үндістан боксшысы Чаухан Гауравқа 5:0 есебімен басым түсті. Ал, Айбек Оралбай Әзірбайжан спортшысы Махаммад Абдуллаевты 1 мәрте нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен финалға шықты.

Аталған жекпе-жек жанкүйерлер үшін аса қызық болары сөзсіз. Себебі, ұлттық құрамада ауыр салмақтың жүгін арқалап жүрген қос саңлақ алғаш рет үлкен жарыста шаршы алаңға шыққалы отыр.

Айта кетейік, Айбек Оралбай негізі 92 келіде өнер көрсетеді. Олимпиадаға да осы салмақта барады. Жарыс алдында бапкерлер құрамы боксшыны «Елорда кубогында» жоғары салмақта қатыстыру туралы шешім қабылдаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам