Бокс кешінде өзге де маңызды кездесулер күтілуде
19 мамырға қараған түні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) жылдың ең маңызды бокс жекпе-жектерінің бірі болады. Ring of Fire кешінде аса ауыр салмақтағы абсолютті чемпион анықталмақ. Атап айтқанда, украиналық Александр Усик пен британ боксшысы Тайсон Фьюри жұдырықтасады.
Айта кету керек, қос боксшы да бұған дейін мүлдем жеңіліп көрмеген. Фьюриде WBC чемпиондық титулы болса, Усикте WBA, WBO және IBF белбеулері бар.
Матч алдындағы face to face рәсімінде Фьюри мен Усик төбелесіп қала жаздады. Менеджерлер екеуін әзер ажыратты. Олар осылайша жекпе-жектің аса тартысты болатынын тағы бір көрсеткендей.
Айта кету керек, бұл бокс кешінің өзге де кездесулері қызыққа толы болады. Атап айтқанда, ресейлік даңқты боксшы Сергей Ковалев пен мүлдем жеңіліп көрмеген Робин Сафар өзөара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, Джей Опетай мен Джо Кордина чемпиондық титул үшін жұдырықтасады.