Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Хасанбой Дусматов Ресейдегі турнирдің финалында өз жерлесін техникалық нокаутпен жеңді

18.05.2024, 11:28

Бұған дейін ол Беларусь боксшысынан басым болған еді

Хасанбой Дусматов Ресейдегі турнирдің финалында өз жерлесін техникалық нокаутпен жеңді
Фото ашық дереккөзден

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирдің финалында Өзбекстанның қос боксшысы жұдырықтасты.

Олимпиада және әлем чемпионы Хасанбой Дусматов аталған турнирде 54 келіде өнер көрсеткен болатын. Жартылай финалдаол Беларусь боксшысын жеңсе, финалда өз жерлесі Шахзод Музафаровпен рингке шықты.

Жекпе-жек соңына дейін болған жоқ. Хасанбойдың сериялық соққыларынан кейін рефери бірнеше рет нокдаун санап, екінші раундтан кейін кездесуді тоқтатып тастады. Дусматов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Хасанбой Дусматов 51 келіде Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді. Ол Өзбекстан тарихында Олимпиада алтынын екі рет жеңген алғашқы боксшы болуды армандайтынын бұған дейін айтқан. Боксшы 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарса, 2023 жылы әлем чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам