Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Елорда кубогінде» 24 алтын медальдың 14-ін Қазақстан боксшылары иеленді

18.05.2024, 22:19

Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жүлденің бәрін жаппай жеңіп алу – шетелдік боксшылардың қызығушылығын төмендететінін айтқан болатын

«Елорда кубогінде» 24 алтын медальдың 14-ін Қазақстан боксшылары иеленді
Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бокстан дәстүрлі «Елорда кубогі» өз мәресіне жетті. Жарысқа 10 мемлекеттен 170 боксшы қатысып, 24 медаль жиынтығын сарапқа салды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының Олимпиадаға баратын саңлақтары да бар.

Алты күнге созылған турнир нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды алды: ерлер мен әйелдер командалары барлығы 14 алтын, 13 күміс және 25 қола медаль жеңіп алды. Десе де, ұлттық құраманың бірінші номерлі боксшыларының бәрі жеңімпаз атана алған жоқ.

Мәселен, команда капитаны Асланбек Шымбергенов финалдық жекпе-жекке шықпады. Мырзағали Айтжанов оның Олимпиадаға жарақатсыз баруын жөн санап, осылай сақтаныпты. Ал, аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Айбек Оралбай Қамшыбек Қоңқабаевқа жолын беріп, рингке шықпаған.

Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан финалда жекпе-жексіз чемпион атанды. Екеуінің де қарсыласы жарақатына байланысты кездесу өткізуден бас тартыпты.

Ал, 63,5 келіде лицензиялық турнирге қатысудан үміткер болған Серік Теміржанов 60 келіге салмағын қуып, финалда Талғат Сырымбетовтен ұтылып қалды.

Қыздар арасында Олимпиада жолдамасына ие жалғыз боксшымыз Карина Ибрагимова (57 кг) «Елорда кубогінің» чемпионы атанды. Тайландтағы лицензиялық турнирге баратын ұлттық құрама мүшелері бұл жарысқа қатысқан жоқ.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер:

Қазақстан — 🥇9 алтын, 🥈8 күміс, 🥉14 қола

Өзбекстан — 🥇1 алтын, 🥈2 күміс, 🥉2 қола

Қытай — 🥇1 алтын, 🥈1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 🥇5 алтын, 🥈5 күміс, 🥉11 қола

Қытай — 🥇4 алтын, 🥉1 қола

Үндістан — 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉4 қола

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам