Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Александр Усик Тайсон Фьюриді жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды (ВИДЕО)

19.05.2024, 09:28

Ол енді екі салмақта абсолютті чемпион

Александр Усик Тайсон Фьюриді жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды (ВИДЕО)
Ringtv

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Александр Усик Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде британдық Тайсон Фьюриді жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болды. Десе де, тоғызыншы раундта Усик қарсыласына ауыр соққылар сериясын дарытып, рефери нокдаун ашты. 

Жекпе-жек нәтижесінде екі төреші жеңісті украиналыққа берсе, біреуі Фьюри жеңді деп санаған.

Осылайша, Александр Усик кәсіпқой бокстағы 22 жеңісіне қол жеткізді. Оның 14-ін ол нокаутпен жеңген. Ал, Тайсон Фьюри болса мансабында бірінші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде 34 жеңіс пен бір тең ойын бар.

Британдық боксшы матч-реванш өткізуге құқығы бар және бұл қарымта  ойын биыл жыл соңында болуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам