«Неміс машинасын» тоқтатын біреу бар ма? Англия қай кезеңде сүрінеді? Есен Елеукенмен талқы

«Көкеңді танытамын»: Ангелина Лукастың келесі қарсыласының есімі белгілі болды

21.05.2024, 12:19

Ол өз салмағында абсолютті чемпион болуды мақсат еткен

«Көкеңді танытамын»: Ангелина Лукастың келесі қарсыласының есімі белгілі болды
instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі анықталды деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

Бұл жайлы спортшы әлеуметтік желіде мәлімдеп, қазіргі уақытта қызу дайындықтың жалғасып жатқанын атады. Ол индонезиялық қарсыласы  Харма Естимен мамыр айының сонында Таиланда жұдырықтасады.

«Мен саған бокс мектебіміздің деңгейін көрсетемін. Бұл менің кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегім болмақ. Кеттік! 30 мамыр күні шайқас», - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Ангелина Лукас кәсіпқой рингте 10 жекпе-жек өткізіп, оның тоғызында жеңіске жеткен (бесеуі нокаутпен). Соңғы жекпе-жегінде үнді боксшысы Мамта Сингхты жеңген болатын, соның нәтижесінде WIBF және WBF чемпиондық титулдарын иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам