Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстанның бокс құрамасы Бангкокта өтетін лицензиялық турнирге аттанды

22.05.2024, 16:28

Қазақстаннан барлығы алты боксшы жолдама үшін таласады

Қазақстанның бокс құрамасы Бангкокта өтетін лицензиялық турнирге аттанды
olympic.kz

Екі күннен кейін Таиландта бокстан бүкіләлемдік лицензиялық турнир басталады. Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы жарыста еліміздің 6 спортшысы сынға түседі.

Олардың ішінде ерлер бойынша 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлына сенім артылып отыр. Спортшы өткен айда Астанада өткен спаррингтік бәсекеде барлық үміткерлер арасынан жеңімпаз атанған еді. Дегенмен, ол сәуір айында Италияда өткен іріктеу турнирінде есе жіберген.

Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) шаршы алаңға шығады.

Ертең Бангкокта турнирі жеребесі тартылып, отандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыласы анықталады. Ал 24 мамырда алғашқы жарыс күні бастауын алмақ.

Айта кетейік, әзірге еліміздің ерлер құрамасында – 6, ал әйелдер командасында 1 ғана жолдама бар. Ал, Париж Олимпиадасы шілденің 26-да басталып, 11 тамызға дейін жалғасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам