Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстанның ең сұлу боксшысы келесі жекпе-жегінің уақытын белгіледі

22.05.2024, 22:50

Жекпе-жек Алматыда өтеді

Қазақстанның ең сұлу боксшысы келесі жекпе-жегінің уақытын белгіледі
instagram.com/muzdi_______/

Қазақстандағы ең сұлу боксшылардың бірі саналатын Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегінің уақытын белгіледі. Кәсіпқой боксшы 1 маусымда шаршы алаңға шығады.

Бұл туралы Балаусаның өзі Instagram-парақшасында жазды.

«Менің жекпе-жегім 1 маусымда ADD аренада өтеді. Басталуы сағат 17:00-де. Баршаңызды маған жанкүйер болуға шақырамын», - деді Б.Мұздыман.

Еске салайық, боксшы қыз жуырда ғана Олимпиада ойындарына жолдама беретін лицензиялық турнирге баратын мүмкіндігінен айрылып қалды. Ол спаррингтік кездесуде Қазақстан чемпионы Жайна Шекербековадан жеңілді.

Ал, кәсіпқой бокста Балауса 3 жекпе-жек өткізіп үлгерді және оның бәрінде жеңіске жеткен (екеуі нокаутпен).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам