Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Бангкоктегі лицензиялық турнирде бүгін рингке Назым Қызайбай шығады

25.05.2024, 11:31

Жарысқа аттанған құрама Астанадағы іріктеу спаррингтен сәтті өткен

Бангкоктегі лицензиялық турнирде бүгін рингке Назым Қызайбай шығады
instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Таиланд астанасында басталған бокстан лицензиялық турнирде Қазақстанның алты боксшысы өнер көрсетеді. Бүгін біздің құрамадан алғашқы болып 50 келіде өнер көрсететін Назым Қызайбай рингке шығады.

Жерлесіміздің қарсыласы – словакиялық Николь Дурикова. Бұл жекпе-жек Астана уақытымен шамамен 16:30-да басталып, Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей көрсетіледі.

Айта кетейік, наурыз-сәуірде Италияда өткен лицензиялық турнирде Қазақстанның қыздар құрамасы бірде-бір медаль иелене алмаған болатын. Ал, ерлер құрамасында тек 63,5 келіде ғана Олимпиада жолдамасын ала алмадық. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін Таиландқа Мұхамедсабыр Базарбайұлы аттанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам