Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Назым Қызайбай Олимпиада жолдамасына бір табан жақындады (ВИДЕО)

25.05.2024, 18:20

Оның келесі қарсыласы Оңтүстік Корея боксшысы болады

Назым Қызайбай Олимпиада жолдамасына бір табан жақындады (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Бангкокта бокстан өтіп жатқан бүкіләлемдік лицензиялық турниде қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ол Словакия өкілі Николь Дурикованы ұтты. Бұл сында Қызайбай қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп отыр. Екінші раундта екі мәрте нокдаун жағдайы тіркелген соң төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Енді Назым Қызайбай Оңтүстік Корея өкілі Хёнчжон Чумен шеберлік байқасады. Бұл сын кәріс спортшысы үшін алғашқы кездесу болғалы отыр.

Айта кететін жайт, Қызайбай 50 келіде Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін сынға түсуде. Сондай-ақ, әйелдер құрамасынан тағы 5 боксшы шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек, ерлер арасында 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы да лицензия үшін айқасатын болады.

Әзірге Қазақстан құрамасында бокстан 7 жолдама бар. Оның 6-ы ерлер құрамасына тиесілі болса, әйелдер құрамасы тек 1 жолдамаға ғана қол жеткізді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам