Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне барған боксшы қыздардың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Бокстан Қазақстан әйелдер командасының өкілі Наталья Богданова Олимпиадаға іріктеу турнирінде сүрінді. Жерлесіміз жарыстың алғашқы айналымда сербиялық Кристина Кулуховаға есе жебірді.
66 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз енді Олимпиада ойындарына бармайды. Бұған дейін Италияда өткен жарыста да Богданова жолдамаға ие бола алмаған.
Серб боксшысынан Наталья ұпай санымен жеңілді. Бес төрешінің үшеуі Кулухова жеңді деп дауыс берсе, екеуі Богданованы таңдаған.
Күні кеше Қазақстан құрамасының тағы біт өкілі Ұлжан Сәрсенбек те америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды. Боксшы қыздар әзірге Олимпиада ойындарына бір ғана жолдама алған.