Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Боксшы Наталья Богданова іріктеу турниріндегі жеңілісінің себебін түсіндірді

29.05.2024, 13:25

Ол дайындықтың жоғары болғанын айтып, бар кінәні өзінен іздейтінін айтып отыр

Боксшы Наталья Богданова іріктеу турниріндегі жеңілісінің себебін түсіндірді
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде сүрінген Наталья Богданова жеңілісінің себебін түсіндірді.

Бүгін ол Сербия боксшысы Кристина Кулуховадан жеңіліп қалған болатын. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер 3:2 есебін тіркеді.

«Алдымен қолдаған барша жанкүйерге алғыс айтқым келеді. Шынымды айтсам, не себепті жеңілгенімді түсіндіре алмаймын. Әйтпесе оқу-жаттығу жиындары да жақсы өтті, дайындық та жоғары деңгейде болды. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Өзімнің де қателігім шығар, кей жерлерде соңына дейін бармай, кей жерлерде дұрыс жұмыс істемедім. Нәтижесі осындай», - деді Богданова.

Айта кетейік, Таиландта өтіп жатқан аламанда 66 келінің өкілі Богданова алғашқы кездесуінде сербиялық Кристина Кулуховаға есе жіберіп, Олимпиада квотасынан айрылды. 

Бұған дейін қыздар құрамасының тағы бір мүшесі Ұлжан Сәрсенбек те бірінші айналымда жеңіліп қалған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам