Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Усик пен Фьюри арасындағы матч-реванштың уақыты анықталды

29.05.2024, 17:23

Алғашқы жекпе-жекте украиналық боксшы жеңгеніне қарамастан қарсыласынан екі есе аз ақша алды

Усик пен Фьюри арасындағы матч-реванштың уақыты анықталды
x.com/Turki_alalshikh

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри арасындағы қарымта жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды.

19 мамырда әлемнің абсалютті чемпионы атанған Усик енді Фьюридің әлеуетін тағы байқап көрмек. Аталған кездесу 21 желтоқсанға жоспарланған және бұл жолы да Сауд Арабиясында өтеді.

Еске салайық, бірінші жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен украиналық боксшы жеңіске жеткен болатын. Ол өзінде бар IBF, WBA және WBO белбеулерінен бөлек, Фьюриге тиесілі болған WBC белбеуін де иеленді және әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

Усикке осы жекпе-жектен 60 миллион гонорар берілгені айтылса, Фьюри 115 миллионға ие болған. 

Еске салайық, Усик алғашқы ауыр салмақта да абсолютті чемпион атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам