Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына жақындай түсті

29.05.2024, 19:07

Кеше 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек жеңілсе, бүгін 66 келіде Наталья Богданова сербиялық қарсыласына жол берді

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына жақындай түсті
Қазақстан бокс федерациясы

Таиланда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Мұхамедсабыр Базарбайұлы үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

63,5 келіде шаршы алаңда сынға түскен ол 4:1 есебімен Италия боксшысы Жанлуиджи Маланганы ұтты. Енді оның келесі қарсыласы кубалық Эрисланди Альварес болмақ.

Ширек финалдық сын 31 мамыр күндіз өтеді.

Бангкокте Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін өтіп жатқан әлемдік соңғы іріктеу турниріне елімізден 6 боксшы аттанған болатын. Кеше 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек жеңілсе, бүгін 66 келіде Наталья Богданова сербиялық қарсыласына жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам